Өскеменнің орталық базарындағы сауда киоскілерін алып тастады
Қазақстан көшесін абаттандыру бойынша жоспарлы жұмыстар басталды
Жоспарға сәйкес, көше бойындағы үйлердің қасбеті жөнделіп, көше бірегей архитектуралық сипатқа келтірілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қаланың орталық көшелеріндегі үй қасбеттерін жаппай жөндеу жұмыстары басталған. Бұл халықтың жақсы пікіріне ие болды.
Біз бұл жұмыстарды жалғастыруға ниеттіміз және бастысы бұл жүйелі түрде жүргізілуі керек, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Кәсіби сәулетшілер қаладағы бірнеше көшенің дизайн-кодын әзірледі. Қала тарихында алғаш рет әрбір ауданның келбетін айқындайтын бірыңғай стандарттарды қалыптастырдық. Бұл дегеніміз - қасбеттерді, кіреберістер мен маңдайшаларды, тротуарларды, аллеяларды, көгалдарды, үйлерді жарықтандыру және сәулет нысандарын безендіруге арналған ережелер тізімі. Уақыт өте келе мұндай ұсыныстар бүкіл қала үшін жасалады және көшелер бірыңғай сәулеттік келбетке ие болады. Қазір Қазақстан көшесін пилоттық режимде абаттандыра бастаймыз. Бұл жұмыстар Мыза көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аумақты қамтиды. Сонымен қатар, үй қасбеттері жаңартылады.
Қазір "Березка" дүкенінің алдындағы сауда павильондары алынып тасталды. Алдағы уақытта бұл аумақ жаяу жүргіншілер ыңғайына қарай абаттандырылмақ.