ШҚО тұрғыны алаяққа көмектескені үшін 500 сағат аула сыпырады

27 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны Телеграм арқылы курьерлік қызметке тұрған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО тұрғыны алаяққа көмектескені үшін 500 сағат аула сыпырады
Фото:
ШҚО ҚАЖД

Міндеті - қариялардан ақшаны алып кетіп отыру болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ҚАЖД ақпаратына сүйенсек, белгісіз ер адам полиция қызметкерімін деп қарияларға қоңырау шалып, қарияның жақын адамының қылмысқа қатысы бар екенін хабарлайды. Ал жауапкершілікке тартпау үшін ақы талап етеді.

Алаяқтың арбауына қаладағы екі зейнеткер ілініп қалған. Олардың әрқайсысы курьер арқылы бірнеше миллион теңгеден беріп жіберген. Ал курьер ақшаны алаяқтың есепшотына аударып, қызметі үшін 200 мың теңге алған. Ол осыдан кейін бірден полиция қызметкерлерінің қолына түсті.

Сот оған 500 сағат қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындады. Енді жеңіл ақша таппақ болған азамат қаланы тазартуға мәжбүр.

Следующая →