ШҚО-да 6 келілік батыр бала дүниеге келді
Ана мен бала орталығында салмағы 6 келі 180 грам, бойы 57 сантиметр батыр өмір есігін ашты
Оңай болмаса да анасы бөбегін табиғи жолмен босанды, деп хабарлайды Устинка LIVЕ сайтының тілшісі.
33 жастағы келіншектің бұл төртінші перзенті. Дәрігерлер қазір бөбектің де, анасының да жағдайы жақсы екенін жеткізді.
Мұндай жағдайлар біздің перзентханада ғана емес, бүкіл елде сирек кездеседі. Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәресте өздерін жақсы сезінеді. Біз оларға мықты денсаулық пен амандық тілейміз, - дейді босану бөлімінің меңгерушісі Жадыра Дюсупова.
Айта кеткен жөн, былтыр перзентханада батыр бала бірінші рет туылды. Ал Ана мен бала орталығында дүниеге келген нәрестелердің арасында салмағы ең азы – 730 грамм екен. Алақанға сыйып кететін бөбек орталықтың жансақтау және интенсивті терапия бөлімінде жатыр.