ШҚО драма театрында премьера
Өнер ордасы шығысқазақстандықтарға кезекті жаңа комедиядық қойылым ұсынады
"Дөкей келе жатыр" комедиясының тұсаукесері осы сенбіге, 30 наурызға, жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бір ауылда болған оқиға адам есімімен тығыз байланысты. Дөкейдің келе жатқанына дүрліккен ауыл адамдары түрлі қызықты жағдайларға тап болады. Тіпті махаббат машақаты да орын алады. Әркім бұл жаңалықты өзінше қабылдайды, бөлімше басшылары өздерінің кемшіліктерін түзетуге тырысады. Соңы Дөкейдің келуімен тәмамдалады, бірақ ол кім екенін қойылым барысында тамашалай аласыздар.
Қойылым 30 наурыз күні сағат 17.00-де басталады.