ШҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілуде
Жергілікті атқарушы органдар тасқынның алдын алу шараларын күшейтті
ШҚО-ға Семей қаласынан әскери қызметшілер көмекке келген , деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жалпы ұзындығы 365,8 км 427 арық, ұзындығы 133,4 км 71 канал, автомобиль жолдарында 3552 және теміржол жолдарында 90 су өткізу құрылыстары, сондай-ақ 447 көпір тазартылды. Елді мекендер аумағынан 365 мың текше метрден астам қар шығарылды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Өзендерде (201 796 шаршы метр аумақта) барлығы 15 мұзды жару жұмыстары жүргізілді. Қысқы кезеңнің басынан (жалпы көлемі 162 470 текше метр) 75 рет қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті атқарушы органдар жалпы сыйымдылығы 17 мың адамнан асатын 153 уақытша орналастыру пунктілерін белгіледі.
Айта кетейік, облысқа су тасқынына қарсы жұмыстарға Семей қаласынанҚР ТЖМ № 68303 әскери бөлімінің қызметшілері көмекке келді. Олар Алтай ауданында алдын алу шаралары бойынша жұмыс жүргізуде.