Өскеменде "Айсұлу" операсының премьерасы өтті
Бұл - композитор Садық Мұхамеджановтың туындысы
Опера алғаш рет 1964 жылы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылған. Композитордың 100 жылдығына орай қойылым Өскеменде қайта жаңғырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін өскемендіктер Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының әртістерінің, облыс әкімінің симфониялық оркестрі мен "Алтай" хореографиялық ансамблінің таланттарының арқасында осы тамаша музыкалық шығарманың атмосферасына енді.
Мен бұл қойылымға арнайы шақырумен келіп, қатысып жатырмын. Қойылымда "Серкенің" рөлін сомдаймын. Махаббат жолында жеңіске жетуге мотивация беретін өте тамаша қойылым. Комедиялық опера Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына орай көрерменге жол тартып отыр, – дейді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық концерваториясының студенті Данияр Айткужинов.
Қойылым жоғары деңгейде ұйымдастырылған, декорациялар мен костюмдер толық ойластырылған. Көрермендер сахнадан ұзақ уақыт бойы әртістерді жібермей, ризашылықтарын білдірді.
Облыс орталығында оперетталар, опералар мен мюзиклдер қойылатын музыкалық театр құрылатынын болады, - деп атап өтті ШҚО әкімі Ермек Көшербаев. - Ол үшін барлық жағдай жасалған, ескі драма театрының ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнді музыкалық театрдың туған күні деп атауға болады. Қала тұрғындарын, әртістер мен музыканттарды осы атаулы күнмен құттықтаймын.