Өскеменде тәртіп сақшылары арасында шайбалы хоккейден жарыс өтеді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кубогына арналған турнир бірінші рет өткізілмек
Ішкі істер органдарының бөлімшелері арасындағы турнир 26-28 наурыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ал ашылу салтанаты 27 наурыз күні сағат 11.00-де Өскемен қаласындағы Б. Александаров атындағы спорт сарайында өтеді, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Бағдарламада фотостенд, бет бояуы, аниматорлар және жас мәнерлеп сырғанаушылар болады.
Айта кетейік, турнирдің алғашқы ойындары 26 наурыз күні Сәтбаев даңғылы 26/2 мекенжайында өтеді. Келіп көремін деушілерге есік ашық.