"Қызыл ту" өткелінен өтпек болғандар әкімшілік жауапқа тартылды
ШҚО ТЖД мен полиция қызметкерлері су айдындарында бірлескен рейдтер жүргізуде
Рейд барысында су объектілеріне мониторинг жүргізіліп, балықшыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі, деп хабарлайды деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
13 наурыздан бастап Күршім ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің өкімімен Қызыл ту өткеліндегі қозғалыс жабылған.
Өткелді жабу үшін барлық тиісті іс-шаралар ұйымдастырылды - өткелге кіреберіске тыйым салу белгілері орнатылды, полиция бекеттері қойылды. Өткелден өтпек болғандар әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын есте ұстағаны жөн. Қазіргі кезде бірқатар жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып үлгерді.