ШҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Алдағы күндері облыста жауын-шашын күтіледі
"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 19 наурызда күндіз облыстың солтүстік, шығыс, орталық аудандарында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), 20 наурызда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сондай-ақ күндізгі, түнгі ауа температурасының жоғарлауы болжанады.
Облыстың аумағында қардың қарқынды еруі, еріген қар суы мен бүйірлік ағындардың қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілу қаупі бар.
Сол үшін де ШҚО ТЖД тұрғындарға арықтарды тазартып, аулалардан қар шығарып, тасқын бола қалған жағдайда үй аумағын қоршау үшін қап, топырақ, құм, саз сынды қолда бар материалдарды алдын ала дайындауды ұсынады.