Өскемен
Бұлтты
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Семей
    -5°
  • Алматы
  • Риддер
    -7°
  • Астана
    -1°
  • Ақтөбе
    -1°
  • Ақтау
    +6°
  • Атырау
    +8°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -1°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +1°
  • Түркістан
    +7°
  • Орал
    -1°
  • Шымкент
    +6°
$
491.29
-0.39
562.92
-5.31
¥
71.25
-0.32
6.1
-0.10
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Кел, сөйлесейік!" клубының мүшелері айтыс өткізді

Өскемендегі өзге ұлт өкілдері қазақ әндерін орындап, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеді

Усть-Каменогорск и ВКО / "Кел, сөйлесейік!" клубының мүшелері айтыс өткізді
Фото:
О. Бөкей ат. қалалық кітапханадан

О. Бөкей атындағы кітапханада наурызнама аясында мерекелік кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Кел, сөйлесейік!" қазақ тілін үйрету клубы қатысушыларының ұлыстың ұлы күніне арнаған өнер бағдарламалары былтырғыдан да бай. Өнер кешінде өзге ұлттың ұл-қыздары, жасы мен жасамысы Наурыз туралы әуезді әндер шырқап, нақышына келтіре өлеңдер оқыды. Тіпті, айтыс өткізіп, келушілерді сүйсінтті. Ұлттық салт-дәстүрімізді көрсетіп, ақ тілектерін арнады.

Наурызға арнап өздері жазған өлеңдері өрнектілігімен өзгеше әсер етті, - дейді ұйымдастырушылар. - Өнер кешінің соңында балдырған бала бата беріп, көңілімізді көркейтті. Әз-Наурызды ерекше әсерлі өткізген қатысушыларға Қыдыр бабаның қоржын-сыйлығынан сый-сияпаттар тарту етілді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Өскемен "Кел сөйлесейік!" Наурызнама