Зайсан ауданында тұрғын үй кілттері табысталды
Қаратал ауылының көпбалалы отбасылары баспаналы болд

Табысталған Аалты үй "Бір қабатты шығыс бағдарламасы" бойынша салынған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін Қаратал ауылында наурыз мерекесінің онкүндігіндегі Қайырымдылық күнімен қатар келген қуаныштың бірі - кезегі келген көпбалалы отбасыларына 6 тұрғын үйдің кілтін табысталды. Шығыс Қазақстан облысының өңірлік "Бір қабатты шығыс бағдарламасы" бойынша 2023 жылы салынып басталған құрылыс бүгінде аяқталды, - деп хабарлады Зайсан ауданы әкімдігі.
Қуанышқа жиналған ауыл ақсақалдары бата беріп, әжелер шашу шашты.
Тұрғын үйдің құрылысын сапалы жүргізіп, уақтылы тапсырған құрыш қолды құрылысшылар мен кәсіпкерлер Н. Баянбековке, Б. Баймұхамбетовке аудан әкімі атынан алғыс хат тапсырылды.