Өскемендіктер Наурызды қалай атап өтеді?
Биыл облыс орталығында Наурыз мерекесіне орай 200-ден астам шара ұйымдастырылады
Көктемнің басты мерекесіге орайластырылған түрлі концерт, көрме, спорттық шаралар мен байқаулар бүгіннен басталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қалалық әкімдігі 14 наурыздан "Ұлттық киім күні" челленджі басталғанын хабарлайды. Ол 23 наурызға дейін жалғасын таппақ.
Сондай-ақ, OSKEMEN STARS байқауы да бүгін басталады. Өтетін орны Premier караоке-клубы, басталуы сағат 19.00-де.
15 наурыз күні "Ризашылық – мейірімділік бұлағы және "Nauryz қоржын" қайырымдылық акциялары өтеді. Сондай-ақ, қала еріктілерінің қатысуымен 15 наурыз күні "Шын жүректен" акциясы ұйымдастырылады.
16 наурыз сағат 10.00-де қазақша күрестен қалалық турнирдің ашылуы (Жекпе-жек сарайы).
16 наурызда кітапханалар мен музейлерде ұлттық қолөнер тақырыбында көрмелер өткізілмек. Сонымен қатар, Эхо кинотеатры мен О. Бөкей кітапханасында ұлттық көркем фильмдер көрсетілімі болады.
17 наурыз сағат 13.00-де Комендатка өзенінің жағасында "Наурыз Jastar FEST" жастар фестивалі өтеді.
21 наурыз сағат 19.00-де Неке сарайында "Nauryz quiz" зияткерлік байқауы.
22 наурыз Республика алаңында бірқатар мерекелік шаралар жоспарланған, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық әкімдігі. - Сағат 10-нан 14.00-ге дейін қалалық өнер ұжымдарының қатысуымен күндізгі мерекелік бағдарлама өтеді. Қазақ эстрадасының жұлдызы Ұланғасыр Қами мен Мұтырғановтардың "Шапито" циркі өнер көрсетеді. Сондай-ақ, караоке, түрлі байқаулар, "бауырсақ пати", спорттық сайыстар, жәрмеңке ұйымдастырылады. Киіз үйлер тігіліп, бұл күні "Үздік киіз үй" жеңімпаздары анықталады.
Ал кешкі мерекелік бағдарлама қонақтары қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Kalifarniya мен Нұргүл Мыңғатова.
Айта кетейік, 22 наурыз күні таңғы сағат 05.00-ден 23.30-ға дейін трамвайлар жолаушыларды тегін тасымалдайды.