ШҚО полициясы өңірде жүрген мигранттарды тексереді
Тәртіп сақшылары барлық құрылыс нысандарын, базарларды, асханалар мен дәмханаларды аралайды
Шығыс Қазақстан облысында 11-15 наурыз аралығында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ЖПІШ елдің көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтауға, сондай-ақ ШҚО аумағында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған.
Транзиттік ағынды тексеру, шетелдіктер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету – жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлердің алдында бірқатар міндеттер тұр, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Осыған байланысты тәртіп сақшылары барлық құрылыс нысандарын, базарларды, асханалар мен дәмханаларды міндетті түрде тексереді.