Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ел тыныштығын сақтауда нәзік жандардың да үлесі зор

Елдің әскери құрылымдары мен құқық қорғау органдарында қызмет атқаратын азаматшалар аз емес

Усть-Каменогорск и ВКО / Ел тыныштығын сақтауда нәзік жандардың да үлесі зор
Фото:
Устинка LIVE

Өскемен қаласындағы Полиция басқармасы, Солжағалау, Үлбі және Ертіс полиция бөлімінде барлығы 1200-дей қызметкер болса, соның 311-і нәзік жандар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл арулар ерлермен бірге иық тірестіре қоғамның қауіпсіздігін қамтамсыз етіп, қылмыс пен заңбұзушылықтардың алдын алу міндетін мінсіз атқарып келеді.

Мәселен, сондай бұрымдылардың бірі - Кажыбаева Раушан Советқызы. Ол Үлбі полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция аға инспекторы. Раушан отбасы династиясын жалғастыруды мақсат тұтқан.

imgonline-com-ua-Resize-rWSyDEZgBY9RS.jpg

Тарбағатай ауданы, Ақжар аулының тумасымын. 2006 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды бітірп, заңгер мамандығын алып шықтым, - дейді Раушан Советқызы. - Еңбек жолымды 2008 жылы Өскемен қ. ПБ Үлбі ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы лауазымынан бастадым.

Осы салада қызмет етіп келе жатқанына биыл 16 жыл болды.

Осы мамандықты таңдаған себебім - отбасымыздың династиясын жалғастырғым келді, - дейді аға инспектор. - Әкем, нағашы атам, нағашы ағам, жездем ішкі істер органдарында қызмет атқарып, қазіргі уақытта құрметті зейнеттегі жандар. Бала кезде «өскенде кім боласың?» деген сұраққа үнемі «әкем сияқты милиционер боламын» деп жауап береді екенмін. Яғни, бұл бала күнгі арманым.

Раушан Советқызының қызметі әрі қиын, әрі аса жауапкершілікті қажет етеді. Өйткені оның алдында 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де әрекеттер жасауының алдын алу, болдырмау және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарды анықтап, оларды түзу жолға салу міндеті тұр.

Қазіргі кезде жасөспірімдермен жұмыс жасау өте қиын. Себебі техниканың дамыған, ақпараттар ағыны жылдам заманда олар өте еліктегіш, сенгіш келеді. Көбінесе жасөспірімдер өмірге деген құлшыныстарын тез жоғалтып, тез сынады, - деп тәжірибесімен бөлісті аға инспектор Раушан Советқызы. - Олар жасайтын және оларға қатысты жасалатын қылмыстар полицияны қойып, мемлекет басшысының жіті назарында. Әрбір балаға қатысты жасалған қылмыс үшін басымызбен жауап береміз, күннен-күнге талап күшейіп, жауапкершілік артып келеді.

Раушан Советқызы ішкі істер органдарында қызмет етудің әйел заты үшін оңай емес екенін де жасырмайды.

Әйел заты, оның ішінде ана болғандықтан балама көп көңіл бөлінбей қалады, онымен бірге көп уақыт өткізуге мүмкіндік жоқ. Өзгенің баласын тәрбиелеп, оларды түзу жолға саламын деп жүргенде өз балам тыста қалады, - дейді погондағы ана.


Бала кезден форма киіп, халыққа көмектесуді армандағандардың бірі - Қарлығаш Лутфуллина. Қарлығаш Вадутовна да ішкі істер органдарындағы қызмет жолын дәл осы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшеден бастаған. Бүгінгі таңда полиция подполковнигі, Өскемен қ. ПБ ақпараттандыру және байланыс бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет етеді.

imgonline-com-ua-Resize-VadjUvCNrpMw0wB.jpg

Ұлан ауданы, Бозанбай ауылының тумасымын, - дейді Қарлығаш Вадутовна. - Екі жоғары білімім бар. Негізінен ата-анам мұғалім болғанымды қалады. Сондықтан С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті факультетін тәмамдадым. Бірақ өзім іштей мұғалім емес, полицияда адал қызмет атқаруды армандайтынмын. Осылайша бәрібір арманым алдамай, ішкі істер органына жұмысқа кірдім. Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетінде білім алдым.

Ішкі істер органдарында 2010 жылдан бастап қызмет етеді. 2010-2015 жылдар аралығында Үлбі полиция бөлімінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, 2015-2016 жылдары Үлбі ПБ штаб аға инспекторы, 2016-2019 жылдары Солжағалау ПБ анықтау бөлімшесінде анықтаушы, кейін аға анықтаушы, 2019-2020 жылдары Солжағалау ПБ штаб инспекторы, 2020 жылы басшылықтың ұсынуымен Өскемен қ. ПБ ақпараттандыру және байланыс бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалған.

Еңбек жолымдағы әр қызмет маңызды әрі қызықты. Барлығынан жан-жақты тәжірибе жинап, біліктілігім артты. Соның ішінде, әсіресе, балалармен жұмыс жасаудың жауапкершілігі жоғары. Өйткені балалар дұрыс тәрбиеленсе, болашақта қылмыскерлер де болмайды, - деп бөлісті Қарлығаш Лутфуллина. - Ал ақпараттандыру және байланыс бөлімінде біз қылмыскерлерді, із-түссіз жоғалған адамдарды, жоғалған, ұрланған мал-мүлік, автокөліктерді, криминалдық қару, криминалдық құжаттарды, нөмірлеген барлық заттарды, іздестіру бойынша есепке қоямыз. Қала бойынша жасалған қылмыстар бойынша есеп шығарамыз, соған байланысты қызметкерлерді ақпаратпен қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, Өскемен қалалық ПБ және оның аумақтық бөлімдерінің компьютерлік техника жағдайларына біздің қызмет жауап береді.

Әр қызметтің қиындығы мен қызығы қатар жүретіні анық. Ал полиция қызметкерлеріне, тіпті кейде, құтқарушылардың да жұмысын жасауға тура келеді.

2018 жылы аға анықтаушы болып жұмыс істеп жүргенде көктемде қар ери бастаған уақытта қала сыртындағы Самсоновка ауылындағы үйлерді су басты. Түн ішінде жедел топпен сонда бардық. ТЖД қызметі келгенше әр үйдің есігін қағып, тұрғындарды оятып, көмектестік. Өзіміз де малмандай су болып таң атқанша жүргенбіз, - деп еске алады Қарлығаш Вадутовна.

Нәзік иықтарына артылған жүк ауыр болса да бұл арулар түрлі қиыншылықтарға қайсарлықпен төзіп, антына адал қызмет етіп келеді. Көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз қарсаңында ішкі істер органдарында тер төгіп жүрген барша қыз-келіншектерді құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларында амандық тілейміз!

Следующая →