Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +17°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
480.55
533.75
¥
67.85
5.36
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Облыста 12 мыңға жуық анаға ақшалай сыйлықтар беріледі

Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналар бір реттік төлем алады

Усть-Каменогорск и ВКО / Облыста 12 мыңға жуық анаға ақшалай сыйлықтар беріледі
Фото:
Устинка LIVE

Бір реттік төлем мөлшері 15 мың теңге, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ақпаратына сүйенсек, облыстағы "Алтын алқамен", "Күміс алқамен", "Батыр ана" атағын алған және "Ана даңқы" орденімен марапатталған, 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 11887 анаға облыстық бюджеттен 15 мың теңгеден бір реттік төлем беріледі.

Ал Өскемен қаласы бойынша бұндай көмекті "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, "Батыр ана" атағын алған және "Ана даңқы" орденімен марапатталған - 1119 адам, 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған көпбалалы аналар - 3120 адам алды.

Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай берілетін әлеуметтік көмек уәкілетті ұйым не өзге де ұйымдар ұсынған, Өскемен қаласы әкімдігі бекіткен тізімдер бойынша беріледі. Оны алушылардан өтініштер талап етілмейді, төлем есепшоттарына аударылады, - деп ескертті Өскемен қаласының мансап орталығы. - Өскемен қаласы бойынша барлығы 4239 анаға 15 000 теңгеден жалпы сомасы 63 585,0 мың теңгеге төлем жасалды.

Следующая →