Өскемен
пасмурно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +31°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
475.39
+2.82
513.37
+5.03
¥
65.39
+0.42
5.4
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендіктер "Жұт" қойылымын тамашалады

Алғыс айту күніне орай Қазақстан Халқы Ассамблеясының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы Teatr-all жастар театры "Жұт" қойылымын сахналады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендіктер "Жұт" қойылымын тамашалады

1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сол себептен де көктемнің алғашқы мерекесінің бұл күнмен сәйкес келуі кездейсоқтық емес.

2016 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының мәжілісінде 1 наурызды алғыс айту күні деп бекітті.

Бұл күн қазақтардың ынтымақшылдығы мен достастығының символы, қонақжайлылығының көрсеткіші ретінде атап өтіледі. Себебі, Кеңес үкіметі кезінде көптеген ұлт өкілдері Қазақстанға жер аударылған еді. Сонда республика халқының интернационалдылығы көптеген өзгерістер мен толықтыруларға ұшырады, және бүгінгі таңда Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді.

Осыған орай, Қазақстан Халқы Ассамблеясының ШҚОФ Teatr-all жастар театры ашаршылық жылдарындағы қазақ халқы мен қазақ даласына жер аударылған өзге де ұлт өкілдерінің қилы тағдырын бейнелейтін "Жұт" қойылымын ұсынды.

Бұл қойылымның тарихи маңызы өте ауқымды. Қазақ жеріндегі 1930 жылдардағы ашаршылық заманын айқындайтын ауқымды тарихи қойлым. Сол жылдары қазақ топырағына Қиыр Шығыстан жер аударылған өзге ұлт өкілдерінің өмірі туралы баяндалады. Ашаршылықты қазақ ұлтымен бірге көріп, нәубетін бірге тартты. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда да елінен-жерінен айырылған азаматтарды шеттетпей, бауырына тартып, ел басына түскен қиындықты жеңіп шықты. Сондықтан қойылымның тағылымы мол, – деді жастар театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі Назерке Айдынова.

Айта кетейік, театр 2022 жылы ашылған. Бұнда бойында таланты бар оқушы, студенттермен қатар, ересектер де өнер көрсетеді.

Следующая →