Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
480.55
533.75
¥
67.85
5.36
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өзбекстан азаматына Қазақстанға кіруге тыйым салынды

Елден уақтылы кетпеген ол сот қаулысымен шекарадан шығарылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өзбекстан азаматына Қазақстанға кіруге тыйым салынды
Фото:
ШҚО ПД

Заң бұзғаны үшін ол енді ҚР шекарасынан 5 жыл бойы кіре алмайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.

ШҚО ПД көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері күн сайын уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғаларда хабарлама болуын тексереді.

Өскемен қаласындағы осындай тексерулердің бірінде тәртіп сақшылары белгіленген мерзімде елден шықпаған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.

Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін құқық бұзушыға 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынып, сот қаулысымен Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 100-ден астам шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның алтауы сот шешімімен Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды, - деп атап өтті ШҚО ПД КҚБ бастығының м.у.а полиция подполковнигі Ринат Шкибаев.

Следующая →