Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +26°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +31°
$
449.76
+1.64
483
+1.90
¥
62
+0.17
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат басталды

Елдің әр өңірінен 400-ден астам спортшы жиналды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат басталды
Фото:
ШҚО ТЖД

Қатысушылардың арасында Қырғызстан Республикасынан келген спортшы бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Өскемен-2024" өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы ХХХІІ, әйелдер арасындағы Х, жасөспірім ұлдар арасындағы ІХ чемпионаттарының ашылуы өтті.

Қатысушыларды ШҚО ТЖД басшылығы, "Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы" ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев және спорт ардагерлері құттықтады.

Бірінші күні спортшылар оқу мұнарасының 2, 3, 4-ші қабатына шабуыл сатысымен көтерілуде жарысады.  Бұл өрт сөндіру-құтқару спортының ең керемет түрлерінің бірі және үнемі жоғары бәсекелестікте өтеді. Әр спортшы мәре сызығында қымбат миллисекундтар үшін күреседі, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ертең жарыс жүз метрлік кедергілері бар жолақты өту бойынша жалғасады. Осы дисциплина бойынша жеке жарыста үздік нәтиже көрсеткендер Шығыс Қазақстанда өтетін қысқы чемпионаттарда тұңғыш рет табысталатын "Алтын бұрандымен" марапатталады.

Чемпионаттың ерекшеліктерінің бірі - көрші Қырғыз Республикасынан келген спортшы Әлішер Қонокбайұлудың қатысуы. Ол осы деңгейдегі жарыстарда өз күшін сынап көру үшін арнайы келген.

Следующая →