Өскемен
малооблачно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +33°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +30°
  • Шымкент
    +30°
$
476.27
+0.88
515.47
+2.10
¥
65.55
+0.16
5.41
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығысқазақстандықтар ХҚКО-ларға онлайн кезек алу әдісін жиі қолдана бастаған

Мамандандырылған ХҚО-да емтихан тапсыру үшін кезекке тұруға "ХҚКО" қосымшасы арқылы 8 мыңнан астам өтініш түскен

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығысқазақстандықтар ХҚКО-ларға онлайн кезек алу әдісін жиі қолдана бастаған
Фото:
"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ ШҚОФ баспасөз қызметінен

Жүргізуші куәлігін алғаш алатындар ХҚКО-ға хабарласпай-ақ, мобильді қосымшаның "Бейне қызметі" батырмасы арқылы онлайн жасай алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қызметтің арқасында азаматтар уақытын айтарлықтай үнемдей алады, - деп  мәлімдеді "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ. - Мәселен, бұған дейін теорияны тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алып, кезекте тұруы, оператордан өтініш беріп, содан кейін ғана емтихан сыныбына өтуі қажет болатын. Енді бұл кезеңдерден өтудің қажеті жоқ. Клиент алдын ала брондалған уақытта теориялық емтиханға тікелей келе алады. Ал теорияны сәтті тапсырғаннан кейін "ХҚКО" қосымшасы арқылы тәжірибелік емтиханға кезекке жазыла алады.

Бейне қоңырау арқылы кезекке тапсырыс беріп қана қоймай, жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін де бере алады. Оның ішінде медициналық анықтама, қызмет алушының фотосуреті, қойылған қолының үлгісі, автомектепті аяқтаған болса, оқығаны туралы анықтама, мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек бар. Барлық құжаттар диалогтық терезеде тіркелуі керек.

Айта кетер болсақ, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеп алуға болады. Осы күні оны 350 мыңға жуық қолданушы орнатып үлгерген.

Следующая →