Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +18°
$
443.72
+0.28
482.28
+1.77
¥
61.35
-0.01
4.9
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мемлекет басшысы Өскемендегі "Лу Бань шеберханасының" жұмысымен танысты

Оқу орталығы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында құрылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Мемлекет басшысы Өскемендегі "Лу Бань шеберханасының" жұмысымен танысты
Фото:
akorda.kz

Орталық машина жасау, тау-кен және металлургия кешені салаларындағы импортты алмастырушы технологияларды дамытуды көздейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ЖОО ректоры Сәуле Рахметуллинаның айтуынша, былтыр университет базасында Smart engineering құзыреттер орталығы ашылған.

Мемлекет басшысына жастардың инновациялық жобалар жасауына мүмкіндік беретін медицина бағытындағы технопарктің негізін қалау жоспары жөнінде баяндалды. Қазірдің өзінде университетте әзірленген 40-тан астам медициналық имплантат түрі клиникалық сынықтан өткізіліп жатыр.

Қазақ-неміс университетімен бірлесіп, металлургия, пайдалы қазбаларды игеру бағытында Ғылым және технология институтын ашу жоспарланған.

"Лу Бань шеберханасы" "Автомобильдердің инновациялық конструкциясы" және "Автомобильдердің SMART технологиясы" сияқты екі зертханадан тұрады. Орталықтың бір ерекшелігі – мұнда студенттер практикалық дағдыларды меңгеріп, автомобиль жүйелеріне симуляциялық сынақ жүргізе алады. Сондай-ақ орталықта электромобильдер мен гибридті көліктерге техникалық қызмет көрсету және диагностика жасау үшін жаңа технологияларды игеру ісіне айрықша мән беріледі.

Следующая →