Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да бастауыш партия ұйымдарының І өңірлік форумы өтті

Форумға 155 бастауыш партия ұйымының төрағалары қатысты

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да бастауыш партия ұйымдарының І өңірлік форумы өтті
Фото:
Amanat партиясының ШҚОФ баспасөз қызметінен

Бүгінгі таңда біздің облысымыз бойынша партияның айтарлықтай бөлігін білім беру және өнеркәсіп саласының өкілдері құрайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бастауыш партия ұйымдары - партияның негізгі күші. Мыңдаған партия мүшелері партияның қоғамдық саяси өміріне белсене араласады.

Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының орындалуы бойынша обыстық филиалдың төрағасы Сайрангүл Жұмаділова толықтай тоқталып өтті.

Сайлау науқаны кезеңде біз партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын белсенді талқыладық. Сайлау алдындағы бағдарламаны іске асыру үшін облыстық Жол картасы әзірленді. Өңір экономикасын дамыту, өмір сүру сапасын арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту сияқты бір қатар мәселелер қамтылды. Жол картасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттар әр тармақ бойынша жауапты болып бекітілді. Біз үшін сайлауалды бағдарламаны сапалы орындау басты мақсат болмақ, - деді Сайрангүл Жұмаділова.

Ал бастауыш партия ұйымының партиялық жобаларды іске асыру аясындағы қызметі туралы Зайсан аудандық филиалының №4 бастауыш партия ұйымының төрағасы Қазырхан Ерлік тәжірибесімен бөлісті.

AMANAT партиясының "Ардагерлерді ардақтайық", "Бақытты отбасы" жобалары аясында өз округімізге қарасты ардагерлер және көпбабалы аналармен кездесулер өткізіп партия жарнасынан қайтарылған 20% ақшаны партия жанынан құрылған комиссия шешіммен әлеуметтік күн көрісі төмен отбасыларына көмек көрсетуге жұмсап отырамыз. Бұл өз кезегінде Сонымен қатар партияның басқада іс-шараларына бесенді қатысудамыз, - дейді Қазырхан Ерлік.

Панельдік секцияда форум қатысушылары арнайы лекторларға сұрақтар қойып, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын одан әрі жетілдірудің жолдарын талқылады. Сонымен қатар, форум барысында партия қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге партияның төс белгілері мен билеттері табысталып, бірқатар бесенді бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері марапатталды.

Следующая →