ШҚО-да мал жаю қағидаларын бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылды
Облыс аумағында "Мал ұрлығы" республикалық жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр
Мал жалғыз табыс көзі болып табылатын ауылдық жерлерде мал ұрлығы өзекті мәселе, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жалпы, биыл мал ұрлығын жасаған 5 адам ұсталды, ұрланған 27 малдың 15 басы қайтарылды.Шара аясында мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 200-ден астам автомашина, 90-ға жуық шаруа қожалығы, айдап әкету пункттері және мал мен ет өнімдерін сататын 120 орын тексерілді, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-ның 408-бабы бойынша 25-тен астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті қарапайым қауіпсіздік нормаларын сақтауды - мал басын таңбалауды және белгі салуды, GPS-трекерлерді орнату арқылы асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін қолдануды және малды ешқашан қараусыз қалдырмауды ұсынады.