ШҚО-дағы бірнеше республикалық жолдағы шектеу алынды
Қоғамдық және дизельді отынмен жүретін көліктерге бұл жолдармен жүруге шектеу енгізілген болатын
22 ақпан сағат 10.00-ден бастап шектеу алынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"КАЖсервис" ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша келесі жолдарда шектеу алынды:
1) "Алматы-Өскемен" 1013-1048 км (Абай обл.шекарасы – Ұлан бұрылысы)
2) "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" 15-105, 129-191 км (Белоусовка-Риддер-РФ шек.)
3) "Өскемен-Шемонаиха-РФ шек." 15-102, 105-123 км (Глубокое кентіне бұрылыс-Шемонаиха-РФ шек)
4) "Өскемен-Семей" 10-45, 48-103 км (Герасимовка-Абай обл.шек.)
5) "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары", 6-450 км (Ушанов-Рахман қайнарлары санаториі).
6) "Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл" 0-124 км (Дайыр ауылына бұрылыс-Марқакөл).
7) "Омбы-Майқапшағай" 1103-1256 км (Абай обл.шек.-Зайсан)
Сондай-ақ, "Қазақавтодор" ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, республикалық маңызы бар "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары" тас жолының 420-450 шақырымында (Берел-Рахман қайнарлары) барлық көлік түрлеріне жол ашылды.