ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда
Арнайы жұмыс топтары құрылып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр
Жергілікті әкімдіктерде ТЖ болған жағдайда халықты хабардар ету схемасы айқындалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Жергілікті атқарушы органдар, ШҚО ТЖД мамандары, «Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» РММ және басқа да мүдделі органдар кіретін аудандарда арнайы құрылған топтар қар шығару, су өткізгіш құбырлар мен арналарды тазарту бойынша алдын алу жұмыстарының сапасын тексереді, нөсер кәрізін, ГТҚ жай-күйін, қажетті материалдық-техникалық құралдарды тексеріп, техникалық құралдарға, сонымен қатар халықпен жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға, тасқын суларды апатсыз өткізуге қабылданатын шараларға талдау жүргізеді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Сондай-ақ, жұмыс топтары кәсіпкерлермен азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге, адамдарды орналастыруға, азық-түлік тауарларын жеткізуге, көлік қызметтерін көрсетуге, ТЖ жағдайында жанармай жеткізуге ниет-шарттар жасалғанын тексереді.
Әкімдіктер мен ауылдық округтерде жауапты лауазымды тұлғалардың тәулік бойы кезекшілік ету кестесі, су тасқыны кезеңінде ТЖ болған жағдайда халықты хабардар ету схемасы айқындалған.
Мамандардың мұндай жұмысы ТЖ кезінде уақтылы әрекет етуге және кемшіліктерді уақтылы жоюға мүмкіндік береді.
Жалпы өңірде жергілікті атқарушы органдар 416 су өткізу құрылыстарын, ұзындығы 38,9 км 15 каналды және ұзындығы 51,8 км 85 арықты тазартты, 98,76 мың текше метр қар шығарылды, 44 285 дана қапшықтар, 5984 тонна инертті материалдар, 457,22 тонна ЖЖМ дайындалды.