Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жұмыссыздарға МӘМС аясында окнологиялық скринингтен өту мүмкіндігі қарастырылмақ

Бүгін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының штаттан тыс бас онкологымен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Жұмыссыздарға МӘМС аясында окнологиялық скринингтен өту мүмкіндігі қарастырылмақ
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

ШҚО-да еліміздің бас онкологтарының үйлестіру кеңесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл кездейсоқ емес, бүгінде біздің онкологиялық орталық медициналық туризм орталығына ғана емес, сонымен қатар мамандарды даярлауға және әртүрлі зерттеу түрлерін жүргізуге арналған ғылыми алаңға айналуы мүмкін. Ол үшін бізде білікті дәрігерлер мен бірегей заманауи жабдықтар бар. Сонымен қатар, ҒЗТКЖ жобалары бойынша техникалық университетпен жемісті ынтымақтастық жүргізілуде, имплантация саласына ерекше назар аударылуда, - деп атап өтті облыс басшысы Ермек Беделбайұлы.

Шығыс Қазақстан онкологиялық науқастардың саны бойынша бірінші орында тұр, бірақ мұндай жағдай дертің ерте анықталуына байланысты көрсетілуде. Аймақта 1 және 0-сатыларда науқастардың 38 пайызында қатерлі ісік анықталады, бұл олардың толық емделу мүмкіндігі жоғары екенін білдіреді.

PACS жүйесі мен заманауи жабдықтар қатерлі ісіктің әртүрлі түрлерін ерте анықтауға ықпал етеді, - деп атап өтті облыс әкімі. - Біз аудандық ауруханаларда КТ аппараттарын орнаттық, үлкен профилактикалық жұмыс жүргізіп жатырмыз, батыс және ресейлік әріптестер Шығыс Қазақстан дәрігерлерінің тәжірибесі мен деңгейін жоғары бағалады.

Еліміздің бас онкологы,"Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ Басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Диляра Қайдарова  қазір онкологиялық ауруларды емдеуге арналған қазақстандық препарат сынақтан өтіп жатқанын және жақсы нәтижелер бар екенін атап өтті.

Кездесу барысында қабылданған кешенді жоспарға сәйкес жұмыстың келешегі және МӘМС жүйесіне жұмыссыз азаматтар үшін онкологиялық ауруларға скрининг енгізу мүмкіндігі талқыланды.

Следующая →