Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі студенттер жатақханасында жылу батареялары жарылған

Студенттер аязды түні бөлмелердің ішін басқан сумен алысып әлекке түскен

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі студенттер жатақханасында жылу батареялары жарылған

Студенттер жіберген видео қалалық пабликтердің бірінде жарияланды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ баспасөз қызметі №1 жатақханада коммуналдық қызметтердің жұмысы бойынша жылыту жүйесіндегі қысымның жоғарылауына байланысты А блогы бөлмелерінің бірінде батареяның жарылғанын растады.

Мәселе бір сағат ішінде тез арада шешімін тауып, жылумен жабдықтау қалпына келтірілген көрінеді.

Қаладағы сыртқы ауа температурасы төмендегендіктен "Өскемен ЖЭО" жылу энергиясының қысымын көтерген. Жатақхананың бір трубасы қысымды көтере алмай жарылып кеткен. Алайда жылыту маусымы басында жатақханадағы жылу батареялары толық тексерістен өткен. Дегенмен осындай форс-мажорлық жағдай орын алды. Қажетті шараларды дер кезінде қабылдап, жағдайды жылдам реттедік, - дейді басқарма мүшесі – бірінші проректор Нұрбек Сапарходжаев.

Барлығы жатақханада 220 бөлме болса, оның 8-іне зақым келген. Б блогында орналасқан бөлмелер зардап шеккен жоқ. Су басқан бөлмелердегі студенттер уақытша Б блогының бос бөлмелеріне көшірілген.

Қазіргі уақытта жағдай толығымен ЖОО басшылығының бақылауында және барлық қажетті шаралар қабылданды, - деп мәлімдеді ШҚТУ баспасөз қызметі. - Университет қызметкерлері студенттердің көшуіне барлық жағдай жасап, түскі аспен қамтамасыз етті.


Следующая →