Күршімде ауылдарға жедел жәрдем көлігі жете алмай жүр
Құтқарушылар арнайы техникамен науқас балаларды жедел жәрдемге дейін жеткізді
Ақбұлақ ауылына барар жолды қалың қар басып, жедел жәрдем көлігі жете алмаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Дәрігерлердің көмегін қажет еткен балаларға құтқарушылар көмекке келді.
Ақбұлақ ауылындағы екі науқас баланы қар алып қалған жолмен тасымалдау үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды. Жол таңдамайтын "ТРЭКОЛ" автокөлігімен ТЖ қызметкерлері пациенттерді Ақбұлақ ауылынан алып Егіндібұлақ ауылының маңында күтіп тұрған жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Дәрігерлер ашық жолмен Күршім ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.