ШҚО тұрғынынан психотроптық заттар анықталды
Полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтаған 32 жастағы ШҚО тұрғынын ұстады
Сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктіден 36 грамнан астам тыйым салынған заттар табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Оның ішінде “a-PVP" шамамен 23 грамм және салмағы 13 грамм болатын осыған ұқсас заттар тәркіленді.
Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту не өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген ШҚО ПД ақпаратында.
Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.