Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскери қызметкерлер ұлттық спорттан сынға түсті

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты жеті әскери бөлім қазақша күрестен кім мықтыны анықтады

Усть-Каменогорск и ВКО / Әскери қызметкерлер ұлттық спорттан сынға түсті
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан

Өскемен қаласында өткен сайыста жеті салмақ дәрежесінде бақ сынаған балуандар боз кілемде аянып қалмады, деп хабарлайды Устинка LIVE "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Ұлттық спорт түрлерін насихаттау шараның басты мақсаты. Қазақша күрес жауынгерлердің төзімділігін арттырып, шапшаңдығы мен ептілігін үдете түседі. Сондай-ақ, тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандыратын спорттың ұландықтар үшін маңызы зор. Сондықтан сайысқа әрбір әскери бөлімнің қатысушысы қызу дайындықпен келген, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы подполковник дейді Бауыржан Дарыбаев.

imgonline-com-ua-Resize-7SinpxgOfEH06eLJ.jpg

Жарыстың құрметті қонақтары ретінде облыстық гандбол федерациясының президенті Маржан Қарабасова,самбодан кеңес одағының спорт шебері, спорт ардагері Рымбек Рамазанов қатысты.

Мерзімді әскери қызметтегі Бекарыс Жақсыбек балаң шағынан күреске бейім көрінеді. 60 келі салмақ дәрежесінде Павлодар қаласындағы №5512 әскери бөлімінің намысын қорғаған ол туып-өскен өңіріне сәлем жолдады.

Түркістан өңірі спортқа құмар жандардың тоғысқан жері. Менің әкем де спорт жаттықтырушысы. Сондықтан менің күреске деген ынтызарлығым ерте оянды. Бүгін, міне, өз салмағымда қарсылас шақ келтірмей, үздік шықтым. Бабым мен бағым жарасса, келесі кезеңде де жеңімпаз атанамын деген ойдамын, - дейді №5512 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Бекарыс Жақсыбек.

Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте №5512 әскери бөлімі жеңіске жетті.

Сайыста үздік өнер көрсеткен ойыншылар өзара іріктеліп, наурыз айында Өскемен қаласында өтетін Ұлттық ұлан жауынгерлері арасындағы чемпионатта бақ сынайды. Олар дүбірлі додада "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының намысын қорғамақ.

Следующая →