Өскемен
пасмурно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    +8°
$
494.95
+2.30
525.49
-0.22
¥
68.4
-0.07
5.05
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде ұландықтар Ауған соғысының ардагерлерін ардақтады

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы Ауған соғысының ардагерлерін еске алды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде ұландықтар Ауған соғысының ардагерлерін ардақтады
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Ұландықтар Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 толуына орай №5518 әскери бөлімінде салтанатты шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Кешке "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев, AMANAT партиясы жанындағы "Жастар рухы" Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Қорлан Тугамбаева және Ұлттық ұланда еселі қызмет атқарған Ауған соғысының ардагерлері, сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттер және әскери қызметшілер қатысты.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының Ауған соғысының ардагерлеріне деген құрметі қашанда жоғары. Бүгінгі шарада біз жат жердегі қырғи қабақ соғыста көз жұмған жауынгерлердің рухына бас иіп, бір минут үнсіздік жариялап, тағзым еттік. Сонымен қатар, Ауған соғысы ардагерлерін сахна төріне шығарып, көрермен қауыммен пікіралмасу ұйымдастырдық. Менің ойымша, Отанға қажет кезде жауынгерлік саптан табылған батырларымыздың өмірі бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Атабек Салықбаев.

Мерейлі кеш мейманы жалынды жастық шағын от пен оқтың арасында сарп еткен жауынгерлердің бірі - Серік Орамалов. Запастағы майор Марқакөл ауданы Былғары-Табыты ауылында дүниеге келген. Ол Ауғанстандағы "Магистраль" операциясына белсенді қатысып, "Жауынгерлік ерлігі үшін" орденіне ие болған.

Ауғанстан – бұл әскери борышқа деген адалдықтың жоғары сезімі. Генералдар мен офицерлер ерлік пен батырлықты көрсетті. Алайда ерліктің ең бір тамаша жарқын көрінісін қатардағы жауынгер сарбаздар көрсеткен еді. Мыңдаған біздің сарбаздарымыз батыр атанды: командирлердің кеудесін жауып, оттың құрсауында қалған жаралыларды құтқарды, - дейді запастағы майор Серік Орамалов.

Шара барысында ұландықтар қайсарлық пен қаһармандықтың үлгісін көрсеткен ерлерге алғыс хаттар табыстаса, кеш меймандарына өңірлік қолбасшылықтың ардагерлер кеңесінің төрағасы қарыжылай сыйлықтар ұсынды.

Шара соңында концерттік қойылымдар сахналанып, ардагерлер қауымы ұландықтарға абыройлы жауынгерлік қызмет тіледі.

Следующая →