Өскеменде әжесінің үйіне бара жатқан бала адасып кеткен
Оны таба алмаған ата-анасы полицияның көмегіне жүгінген
ШҚО-да полицейлер дереу әрекет етіп, 12 жастағы баланы тапты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кәмелет жасына толмаған қызы жоғалып кеткені туралы Өскемендегі полиция бөліміне анасы хабарлаған.
Анасы жасөспірімнің жақын жерде тұратын әжесінің үйіне қарай шыққанын, бірақ әлі онда жетпегенін айтты. Өздері іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Өтінішті қабылдаған тәртіп сақшылары дереу іздеуге кірісіп, жоғалған баланың белгілерімен бағдарларды облыстың барлық полиция бөлімдеріне және барлық сыртта қызмет өткеріп жүрген нарядтарға жіберген.
Бір сағатқа созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде "Буран-20" экипажының қызметкерлері Өскемен қ. ППБ қызметі инспекторлары аға лейтенант Ернар Қадырбаев пен Рүстем Қасымжанов Понтон көпірі ауданында жоғалған баланы тапқанын хабарлаған.
Әжесінің үйіне барар жолда қыз баланың адасып, жол таба алмағаны белгілі болды.
Полицейлер азаматтарға өз балаларына мұқият қарауға және бала немесе жақын туыстары жоғалып кеткен жағдайда өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу "102" нөмірі бойынша полицияға хабарласу керек екенін ескертеді.