Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кеше бірнеше ауылдағы көшелерге су жайылды

Кеше Зайсан және Катонқарағай аудандарында тау суы еріп, ауылдарға қарай ағылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Кеше бірнеше ауылдағы көшелерге су жайылды
Фото:
pexels.com

ШҚО ТЖД мамандары қарғын су басу қаупі төнген елді мекендерде алдын алу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мәселен, Зайсан қаласы, сыртқы ауа температурасының жылынуы және түнде жауын-шашынның түсуіне байланысты таулы жерлерде қар еріді. Нәтижесінде Жақсылық пен Ноғамбай көшелерінен су ақты. Бұнда жергілікті атқарушы органнан 10 адам, техника тиегіш, самосвал; полициядан 10 адам, 3 бірлік техника; ТЖД 10 адам, 1 КУНГ, қапшықтарды төсеуге арналған 1 УАЗ; шекара басқармасынан 10 адам жұмыс жүргізді.

Ал Катонқарағай ауданындағы Жұлдыз ауылында қардың еруі салдарынан Амангелді көшесіндегі бір тұрғын үйдің ауласында су жиналған. Тұрғын үйге қауіп жоқ, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Алдын алу жұмыстары үшін ТЖД-дан 5 адам, 1 бірлік техника, 1 мотопомпа жұмылдырылды. Су арықты тазарту арқылы бұрылып, мотопомпамен 40 текше метр су сорылды, 30 тонна көлемінде қиыршық тас төгілді.

Қарғын су Көкбастау ауылының Абай көшесінің 3 ауласына да қауіп төндірдін. Алдын алу жұмыстары жүргізіліп, қауіптің беті қайтты.

Следующая →