Бозанбайда құсбегіліктен Қазақстан республикасының чемпионаты өтеді
Жарысқа Қазақстаннаң республикасының барлық өңірлерінен спортшылар қатысады
Ұлан ауданында өтетін чемпионат 9 ақпан күні ашылып, 11 ақпан күні финал, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жарыс бүркітті қолға шақыру, бүркітті шырғаға салу; ителгі, қаршыға құстарын қолға шақыру, кептерге салу сынды сайыстардан тұрады. Сонымен қатар, құсбегінің спорттық киімі, кұсбегілік жабдықтары, құстың тұлғасы, күйі, сипаты, басқа да ерекшеліктері бағаланады.
Жарысқа "Республикалық құсбегілік федерациясы" ҚБ бекіткен төрешілер алқасы басшылық жасайды. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Республикалық "Қыран" федерациясы" Қоғамдық қорының вице-президенті Мүптекеқызы Бағдатхан және әлемге танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайып қатысады.
Барлығы 7 қазақ үй құрылады, қазақ халқының салт дәстүрі, мәдениет, спорт ойындары көрсетіледі.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұйымдастыру алқасының дипломы, кубок, медалі мен қаржылай сыйлығы тапсырылатын болады.