Өскемен
малооблачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +17°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +26°
$
447.25
485.18
¥
61.77
4.96
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да қауіпті аумақта қар көшкіні жүргізілді

Северное-Серебрянск арасындағы таулардан 4700 текше метр қар түсірілді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да қауіпті аумақта қар көшкіні жүргізілді
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

Профилактикалық жұмыстар "Өскемен-Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнары" автожолында жүргізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Қазселденқорғау" ММ ШҚО филиалының мамандары жүргізген мониторинг "Өскемен-Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнары" (58-66 километрінде) автожолының учаскесіндегі қар өлшеуіш рейкалары бойынша қардың мөлшері 45-тен 75 см-ге дейін жетіп, профилактикалық қар түсіру жүргізу қажеттілігі туындағанын көрсетті.

ШҚО ТЖД және "Қазселденқорғау" қызметкерлері жарылыс жұмыстарын ұйымдастырды, нәтижесінде аса қауіпті учаске қардан тазартылды.

Мұнда 4 профилактикалық жарылыстан 4700 текше метр қар түсіп, автожол ішінара жабылды. Учаскені жол қызметтері жедел тазартып, жол көлік қозғалысы үшін қайта ашылды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Қар көшкіні қаупті кезеңнің басынан бастап өңірде барлығы 44 рет профилактикалық қар түсіру жүргізілді. Нәтижесінде 70 600 текше метр қар массасы түсірілді.

ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға қар көшкіні қаупі бар уақыт - қалың қар жауғаннан кейін 3-5 күн ішінде, аяздан кейін еру кезінде, қатты желде екенін еске салады. Осы уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс.

Следующая →