ШҚО-да әр кезеңде 18 мың қуғын-сүргін құрбандары тұрған
Енді әркім жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған туыстары жайлы ақпаратты біле алады
Фото:
Устинка Live
Ұлттық қауіпсіздік органдарынан ішкі істер органдарына сот мекемелері ақтап алған қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ісі және ҰОС кезінде тұтқынға түскен кеңес әскерлерінің трофейлік материалдары келіп түсті.
Следующая →
- Архивтік материалдардың ІІМ-ге қайта тапсырылуы жалпы деректердің жалпы базасын қалыптастыруға мүмкіндік берді, - деді ШҚО ІІД ақпараттық-талдама орталығының басшысы, полиция полковнигі Самат Сүлейменов. – ШҚО-дан оған 18 мың адам туралы мәліметтер жіберілді. Ал жалпы республикадан 109 186 іс жиналған.
Кез келген адам ҚР ІІМ-нің сайтына кіріп, «Қуғын-сүргін құрбандары жайлы мемориал» бөлімінен іздеген адам жайлы ақпарат ала аласыз. Мәселен, Зырян ауданының тұрғыны осылайша өз атасы жайлы шындыққа көз жеткізді.
- Арғы аталарым жайлы тарихы білуге көмектескендері үшін үлкен алғысымды білдіремін, - деді Гүлзара Сайлаубаева ШҚО ІІД қызметкеріне.
Өкінішке орай, мұнда құғын-сүргін құрбандарының жерленген орны туралы деректер жоқ. Бұрынғы лагерлер мен еңбек кенттеріндегі мыңдаған зираттар біржола жойылғандықтан, миллиондаған азаматтар ата-аналары мен арғы аталарының қайда жерленгендігінен бейхабар.