Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО тұрғындарының қаржылық сауаттылықтарын арттыратын курстар ашылды

Өскемен, Риддер қалалары мен Шемонаиха, Глубокое аудандарының тұрғындарына оқу басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО тұрғындарының қаржылық сауаттылықтарын арттыратын курстар ашылды
Фото:
AMANAT партиясы ШҚОФ баспасөз қызметінен

Жалпы облыс бойынша биыл 6500 адамды қамту жоспарда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекет басшысы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық саутылығын арттыру бойынша тапсырма берген болатын. Осыған орай AMANAT партиясының бастамасымен "Қарызсыз қоғам" жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 6500 тұрғынды қаржылық сауаттылыққа оқыту жоспарланған.

Бүгін қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған оқу облысымыздың Өскемен, Риддер қалалары мен Шемонаиха, Глубокое аудандарында бастау алды.

Өскемен қаласында қаржылық сауатылық бойынша білім алып жатқан азаматтардың алғашқы оқуларына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов арнайы қатысып, курстан өтіп жатқан азаматтарға сәттілік тіледі.

Жылдың соңына дейін белгіленген кесте бойынша барлық аудандарда азаматтарды қаржылық сауаттылыққа оқытатын боламыз. Азаматтарды қаржылық сауаттылық бойынша Астана қаласына барып арнайы курстан өткен менторлар оқытады. Оқу ұзақтығы 5 күн. Түске дейін жалпы бағдарлама бойынша жүргізілсе, түстен кейін қатысушының қалауы бойынша жеке кеңестер берілетін болады. Оқудың толық курсынан өткен азаматтарға арнайы сертификаттар беріледі,- AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангул Жумадилова.

Қаржылық сауаттылық бойынша білім аламын деген кез келген азамат AMANAT партиясы филиалдары арқылы немесе жергілікті ауылдық округтердің әкімшіліктері арқылы жазуылуларына болады.

Следующая →