Өскемендегі оқушылар бір-біріне пышақ жұмсаған мектепте тексеріс басталды
Қазіргі уақытта мектеп басшысына қатысты тексеріс жүргізілуде
Мектеп әкімшілігі тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Өткен сәрсенбі күні Өскемен қаласындағы мектептердің бірінде екі оқушы арасында жанжал шығып, бірі өзіне және қарсыласына пышақ салған.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі ауруханаға жатқызылған жасөспірімдердің жағдайы қалыпты екендігін мәлімдеген.
Ал Өскемен қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, қазіргі уақытта мектеп директорына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
Аталған факті бойынша білім бөлімі қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Мектеп әкімшілігі тәртіптік жазаға тартылды. Ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты бақылауда. Мектеп директорына қатысты қызметтік тексеру тағайындалған. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады, - делінген ақпаратта.