Өскемендіктер Қазақстан көшесін абаттандыру бойынша өз ұсыныстарын білдіре алады
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар халық пікірін білу мақсатында сауалнама жүргізуде
2024 жылдың жоспарында Қазақстан көшесін абаттандыру қарастырылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
2024 жылға арналған жұмыс жоспарының ішінде маңыздыларының бірі - Қазақстан көшесін абаттандыру. Жаяулар жүретін тротуарларды жөндеу мен үйлердің қасбетін жаңарту жұмыстарын бірыңғай стильде жүргізу көзделіп отыр, - дейді Жақсылық Мұқашұлы. - Сонымен қатар, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды безендіру үшін дизайн-кодын енгізу қолға алынады. Жақында біздің мамандар эскиздік жобалармен жұмыс істеуді бастайды. Осы орайда мен жерлестеріміздің пікірін білгім келеді. Ең әуелі қандай сәттерге назар аудару керек? Жалпы орналасу стилі қандай болуы керек?
Яғни, бұл Қабанбай батыр көшесінен Мызаға дейінгі және орталық универсам алдындағы учаскелерге қатысты.
Халық өз ұсыныстарын қала басшысының инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасындағы жазба астында қалдыра алады. Сондай-ақ, сауална осы көше бойында орналасқан аулалардың тұрғын үй чаттарында да жүргізілмек.