Өскемендегі авто ХҚКО наурызда ашылуы мүмкін
Облыс орталығындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысы наурызда аяқталуы керек
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев құрылыс барысын тағы тексеріп қайтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Өскеменде салынып жатқан арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының құрылыс жұмыстарымен таныстым, - деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев. - Жаңа орталықтың құрылысы ағымдағы жылдың наурыз айында аяқталуы тиіс деп жоспарланып отыр. Нысанның іске қосылуын аймақ тұрғындары асыға күтуде. Себебі орталық автомобиль құжаттарын рәсімдеуде "бір терезе" принципін ұстанбақ.
Яғни, орталық базасында автокөлік иелері теориялық және практикалық емтихандарды тапсырып, арнайы жүргізуші куәлігін ала алады.
Жаңа нысанның орналасқан жері, құрылысы, ауқымдылығы Шығыс Қазақстанның тұрғындарына оңтайлы болмақ.