Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО Ана мен бала орталығының дәрігерлері шеберлікті талап ететін бірегей оталар жасайды

Орталықтың нейрохирург-дәрігерлері гидроцефалия кезінде ми аймағына шунттарды орнату бойынша күрделі операцияларды орындайды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО Ана мен бала орталығының дәрігерлері шеберлікті талап ететін бірегей оталар жасайды
Фото:
Устинка LIVE

Гидроцефалия – бас сүйегінде сұйықтық жиналып, мидың ісінуіне әкелетін жағдай. Бұл атау "мидағы су" дегенді білдіреді.

Босану блогымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, біз жаңа туған нәрестелерде нейрохирургиялық ақаулар анықталған кезде дереу операция жасауға тырысамыз. Мысалы, патологияның әртүрлі деңгейлері бар, омыртқаның туа біткен грыжасы жиі кездеседі. Егер бұрын "гидроцефалия" диагнозы үкім сияқты естілсе, қазір бұл аурумен ана мен бала орталығының нейрохирургтары сәтті күресуде, - дейді ШҚО Ана мен бала орталығының нейрохирург-дәрігері Олжас Азанқұлов.

imgonline-com-ua-Resize-qYVQe8vQYTPlU.jpg

ШҚО Ана мен бала орталығында Пантелеймоновка ауылынан келген 11 жастағы пациент Камилла Байзакова сәби кезінен бастап "гидроцефалия" диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Нәрестеге алғашқы шунт екі айында қойылған. Ол жалпы алғанда өмірінде бес рет ота жасатты.

Кейін Камилланың аяғында әлсіздік пайда болады. МРТ жұлында грыжа барын көрсеткен. 2013 жылы сәби кезінде оған Астана қаласындағы нейрохирургия орталығында жұлын ісігіне операция жасалды.

Жыл сайын Камилла анасымен бірге ШҚО Ана мен бала орталығына келеді, онда вентрикуло-перитонеальді шунтты (ВПШ) тексереді, оңалту курсынан өтеді.

Осы жылдың қаңтарында жеткіншекке хирургтар тағы бір операция жасады.

imgonline-com-ua-Resize-DYzszG2c2OQ4.jpg

Қазір пациент өзін жақсы сезінеді, үйге шығуға дайындалып жүр. Ана мен бала орталығы дәрігерлерінің айтуынша, ол ауруханада бос қарап жатпайды, моншақтармен керемет суреттер кестелейді, телефондарға арналған брелоктар мен білезіктер жасайды. Ол бұл зергерлік бұйымдарын қазір нейрохирургия бөлімінде емделіп жатқан балаларға сыйлайтын көрінеді. Кішкентай пациент бөлімде жатқан құрдастарына ғана емес, ересектерге де өміршеңдіктің, төзімділіктің және ақыл-ойдың үлгісін көрсетіп жүр.

Гидроцефалия кезіндегі ерте медициналық көмек қалыпты өмір сүруге мүмкіндік береді. Ауруды кәсіби емдеу және сауатты оңалту асқынулар мен мүгедектік дәрежесін 60%-ға дейін төмендетуі мүмкін. Шала туған шараналар мен жұлын грыжасы бар балалар тәуекел тобына кіреді. Гидроцефалия көбінесе үш айға дейін анықталады. Егер осыдан 20 жыл бұрын гидроцефалия диагнозы қатал үкім болып саналса, бүгінде ерте көмек пациенттердің 95%-ын құтқаруға мүмкіндік береді, - деп қосты Олжас Азанқұлов.

Елімізде осындай диагноз қойылған науқастарды емдеу тегін екенін, барлық шығындар МӘМС қаражаты есебінен жабылатынын ескере кеткен жөн.

Следующая →