Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
478.54
+0.38
533.76
-1.16
¥
68.25
+0.18
5.17
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде саяжайларда тұратын оқушыларды тасымалдайтын автобус бөлінді

"Коммунальник" және "Озеленитель" саяжайларында тұратын балалар №18 мектепте оқиды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде саяжайларда тұратын оқушыларды тасымалдайтын автобус бөлінді
Фото:
Amanat партиясының ШҚОФ баспасөз қызметінен

Олардың мектепке барып-келуі қиындық тудырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Осыдан екі апта бұрын AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалына "Коммунальник" және "Озеленитель" саяжайларының тұрғындары жүгініп, балаларының №18 мектепке келіп-кету мәселесін көтерген болатын.

Мектепке баратын жол балалар үшін қауіпті болды. Ағаштардың арасымен жүреді. Онда бірнеше рет зорлық-зомбылықтарда орын алды. Біз саяжайлықтар мәселемізді айтып қалалық әкімдікке, ШҚО білім басқармасына, қалалық білім бөліміне бардық, бірақ ешқандай нәтиже болмады. AMANAT партиясына жүгінгенен кейін ғана мәселе шешіліп, бүгін балаларымыз автобуспен мектепке кетті, - дейді саяжай тұрғыны Ольга Шахова.

11 қаңтар күні тұрғындардың қатысыуымен партияның облыстық филиалы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері мен отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің жұмыс тобының отырысында қаралып мәселені толық зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды.

Мемлекет басшысы балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөлу туралы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында баса айтқан болатын. Метепте оқитын балалардың қауіпсіздігі партияластарды алаңдатты. Саяжайда тұратын тұрғындардың мәселелерін толықтай зерделеп барынша жылдам шешуге тырыстық. Қазір қыс күн өте суық, ал балалар білім алу үшін бірнеше шақырым жаяау жүруге мәжбүр. Сондықтан да депутаттар, партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің мүшелері бар жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып мәселені шешіп бүгін автобусты жүргіздік, - дейді AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нұркенов.

Жалпы "Коммунальник" және "Озеленитель" саяжайларында 300 астам отбасы тұрады. Онда түрлі сыныптарда оқитын 30-дан астам бала мектепке барады.

Следующая →