Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұлан ардагері 500-ден астам суреттің авторы атанды

Сексеннің сеңгіріне шыққан қария Любик Чикинов бес жүзге жуық суреттің авторы атанды

Усть-Каменогорск и ВКО / Ветеран Нацгвардии рисует картины в память о жене
Фото:
РгК "Шығыс" НГ РК

Қолындағы қаруын, қылқаламға алмастырған жасамыс алғашқы туындысын сүйген жарына арнапты. Өнерпаздың бұл суретінде айдын көлде жүзген қос аққу бейнеленген. Зейнеткер аққуды салу арқылы махаббаттың мәңгілік екендігін көрермен қауымға баяндағысы келеді.

Менің жұбайым осыдан он жыл бұрын көз жұмды. Асыл жарыма деген сағыныш менің қолыма қылқалам мен ақ қағаз алдырып, шығармашылыққа жетеледі. Өткенге көз салсақ, қазіргі дейін бес жүзден астам сурет салыппын. Әрбір шығармадан кейін өмірге деген жаңашыл көзқарас пайда болады, - дейді ардагер.

Қылқалам шебері көбіне туындыларына табиғат тақыбырын арқау етеді. Суреттерін сатылымға шығармайды керісінше пәтер ішіндегі қабырғаларға қаз қатар іліп қойыпты. Ақсақал бейнелеу өнерінен бөлек, өлең жазып, ән де шырқайды.

Саналы ғұмырының отыз жылын әскери салаға арнаған ақсақал қатардағы сарбаздан полк командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары лауазымына дейін көтерілген, отставкадағы подполковник. Көнекөз күні бүгінге дейін Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығымен тығыз байланыста.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Следующая →