Облыстың онкологтары тегін қабылдау жүргізеді

Өскеменде жатыр мойны обырын ерте анықтауға және алдын алуға арналған ашық есік күні өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Облыстың онкологтары тегін қабылдау жүргізеді
Фото:
Устинка LIVE

ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары тегін кеңес береді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ашық есік күні 27 қаңтарда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында өтеді.

Өзіңізбен бірге жеке куәлік болса жеткілікті, учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес.

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1-корпус (консультациялық-диагностикалық бөлімшесі), +7 (7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45.

Следующая →