Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұландықтар волейболдан сынға түсті

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты жеті әскери бөлім қолбасшы кубогін сарапқа салды

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұландықтар волейболдан сынға түсті
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Өскемен қаласында өткен сайыста сөз алған "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев қатысушыларға сәттілік тілеп, спортпен тұрақты түрде айналысып, салауатты өмір салтын қалыптастырудың қажеттілігін алға тартты.

Сайыс мақсаты - салауатты өмір салтын дәріптеу, әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы мен спорттық шеберлігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, спорттық турнирлерді өткізу ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі, ортақ мақсаттарға жету үшін мотивацияны күшейтеді, қызметкерлердің жеке тиімділігін арттырады. Спортпен шұғылданып, волейбол ойнау арқылы достық қарым-қатынасты орнатуға, бірлік пен татулыққа жетуге болады, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы подполковник дейді Бауыржан Дарыбаев.

Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша №5511 әскери бөлімінің жеңіске жетті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок, дипломдар, медальмен және естелік сыйлықтармен мараппаталды. Сайыста үздік өнер көрсеткен ойыншылар өзара іріктеліп ақпан айында Қаракемер қаласында өтетін Ұлттық ұлан жауынгерлері арасындағы чемпионатта бақ сынайды. Олар дүбірлі додада "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының намысын қорғамақ.

Следующая →