Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыс Қазақстан облысында көшкін қаупі жоғары

Бүгін "Өскемен-Горная Үлбі-Северное" тас жолында профилактикалық қар көшкіні жүргізілді

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыс Қазақстан облысында көшкін қаупі жоғары
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

Мұнда таудағы қар қалыңдығы 75 см биіктікке жеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

"Қазселденқорғау" ШҚО филиалының басшысы Советбек Станбековтің айтуынша, жалпы көлемі 4600 текше метр қар түсірілді.

ШҚО ТЖД және "Қазселденқорғау" филиалының ШҚО мамандары облыста көшкін қаупі сақталатынын еске салады:

  • қолайсыз ауа райында тауға шықпаңыз
  • қар көшкіні адамның айқайынан түсуі мүмкін

Тауға шықпас бұрын көшкін қаупі туралы ескерту бар-жоғын "Дармен" мобильді қосымшасынан тексеру қажет.

Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалу керек.

Қар көшкіні кезінде қалай әрекет ету керек:

  • жартастың, ағаштың артын паналауға тырысыңыз, жерге жатыңыз, басыңызды қолыңызбен қорғаңыз, киім бүркеніп дем алыңыз
  • қар көшкінінің бетінде қалу үшін жүзу қимылдарын жасаңыз
  • қар басып қалса, тізеңізді асқазанға қарай тартыңыз, қар көшкіні тоқтағанша күтіңіз, үстіңгі және астыңғы жағын анықтаңыз және шығуға тырысыңыз
Следующая →