Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 457 млн теңгенің алименті өндірілген

Жұмыссыздығынан алимент төлей алмай жүрген жүзден аситам азамат жұмысқа орналастырылды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 457 млн теңгенің алименті өндірілген
Фото:
Устинка LIVE

Сондай-ақ, алиментті әдейі төлемей жүрген тоқсанға жуық адам қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Прокуратурасының ақпаратына сүйеніп.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және алимент бойынша берешек сомасын азайту мақсатында түсіндіру және шектеу шараларын қабылдап, жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыруда.

Уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде 2023 жылы 457 млн теңге көлемінде қарыз өндірілды, - деп хабарлады ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі. - Кәсіпкерлермен келісім бойынша 18 бос жұмыс орын жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде жұмыстары болмауына байланысты алимент төлемеген 119 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Алиментті қасақана төлемейтіндерге қатаң шаралар қолданылуда. Атап айтқанда, алимент төлеуден жалтарған 87 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 5 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы 73-і өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

54 борышкердің көлік құралдарын басқару құқығы уақытша шектелді, 208 борышкердің шетелге шығуына уақытша шектеу қойылды.

Бұл шаралар 238 кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғап, көптеген борышкерлер балаларын асырау үшін өз еркімен қаражат төлей бастады.

Следующая →