Өскемен
ясно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +23°
$
479.71
-0.79
533.77
-0.45
¥
68.22
+0.10
5.16
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі бар

Өңірде қардың мол жауып, желдің күшеюіне байланысты таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі бар
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

ШҚО ТЖД 9-11 қаңтар аралығында халыққа таулы жерлермен жүргенде абай болуды ескертеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Қазселденқорғау" ММ ШҚО филиалының ақпараты бойынша, қардың жаууы, желдің күшеюі мен қар жабынының тұрақсыз болуы себепті 9-11 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар.

ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда - тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан тез шығыңыз.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болса, ұялы телефоннан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір "112-ге" хабарласыңыз.

Следующая →