Таулы Үлбіден 4600 текше метр қар түсірілді
Бүгін "Өскемен-Таулы Үлбі-Северное" тас жолының бойындағы тау шыңдарынан бірден екі учаскеде қар көшкіні жүргізілді
Қазіргі уақытта автожол бойындағы көлік қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ТЖД бөлімшелері мен "Қазселденқорғау" мамандары көшкін қаупі бар жағдайға байланысты облыстағы таулы жерлерге мониторинг жүргізеді.
Өңірде 325 қар көшкіні түсуі мүмкін орындар бар. "Қазселденқорғау" ШҚО филиалының мамандары қар көшкіні жүруі мүмкін сәттің алдын алып, профилактикалық қар түсіру жұмыстарын жүргізеді, - деп атап өтті "Қазселденқорғау" ШҚОФ басшысы Советбек Станбеков.