Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО ХҚКО-ларында 82 мыңнан астам төлқұжат берілген

Өткен жылы шығысқазақстандықтар ХҚКО арқылы 82 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік алды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО ХҚКО-ларында 82 мыңнан астам төлқұжат берілген
Фото:
"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ ШҚОФ баспасөз қызметінен

2023 жылы 2,6 миллионнан астам қазақстандық "Азаматтарға арналған үкіметтен" төлқұжат пен жеке куәлік алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оның ішінде ШҚО бойынша 82 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік берілген. Ал Астана мен Алматы қалаларында орнатылған құжаттама терминалдары арқылы соңғы бір жылда 19 мыңға жуық адам өтініш берген.

Терминалдар уақытты үнемдейді және бірнеше минут ішінде өтініш беруге мүмкіндік береді. Азаматтардың ыңғайлылығы біздің жұмысымыздың басымдығы және біз мемлекеттік қызметтерді көрсетуді одан әрі де жетілдіріп, әрбір қазақстандық үшін мүмкіндігінше тиімді және жедел болатындай етеміз, - деді "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Сондай-ақ, атап өтер болсақ, 2024 жылға келесідей мемлекеттік баж алымы белгіленді: ҚР азаматының 36 парақты төлқұжаты үшін – 8 АЕК, 48 парақты төлқұжат үшін – 12 АЕК, 24 парақты төлқұжат үшін (16 жасқа дейінгі балаларға) - 4 АЕК. Жеке куәлік үшін төлем 0,2 АЕК-ті құрайды.

Айта кетейік, өткен жылы төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру сұраныстағы үшінші мемлекеттік қызмет қатарынан табылды.

Следующая →