ШҚО тасжолында апат болып, төрт адам қаза тапты
Адам өліміне әкеп соққан ЖКО Өскемен-Шемонаиха автожолында орын алды
Оқыс оқиға ағымдағы жылдың 2 қаңтарында болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Сағат 22.20 шамасында Өскемен-Шемонаиха автожолының 8 шақырымында Глубокое ауданының Уварово ауылы маңында Toyota Corona Premio және Toyota Vista маркалы екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан ЖКО орын алған. Нәтижесінде 4 адам, оның ішінде кәмелет жасына толмаған екі жасөспірім қаза тапқан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, - делінген хабарламада.
Полиция департаменті жүргізушілерге белгіленген жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, маневр жасамауға, сондай-ақ жол және ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.